Вакцина жоспарын кешіктірген өңір басшыларына шара қолданылуы мүмкін

© Sputnik
© Sputnik
Ералы Тоғжанов облыс әкімдерінен мектептердегі санитарлық режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді талап етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин шектеуі жеңілдейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын, сондай-ақ вакциналауға жататын контингенттің 70%-дан астамы екпемен қамтылғанын ескере отырып, бірқатар шараларға рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

Атап айтсақ, келушілер COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік нысандардың пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.  

«Сондай-ақ, түнгі клубтар «жасыл» мәртебесі бар адамдарға қызмет көрсетеді. Олардың толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес, «сары аймақта» 70 адамнан артық емес, «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт. Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарының жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 05-00-ге дейін, «сары аймақта» сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары сағат 03-00-ге дейін ұзартылады», – делінген хабарламада.

Елімізде екі айда коронавируспен сырқаттану көлемі 3,8 есе азайған. COVID-19 вирусымен күреске жұмылдырылған 103 нысан жабылды. Дегенмен Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов облыс әкімдерінен мектептердегі санитарлық режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз етуді талап етті. Оның айтуынша, әрбір бесінші мектепте санитарлық режим бұзылып отыр. Сонымен қатар ол вакциналау қарқынын кешіктірген әкімдердің орынбасарларына тәртіптік шара қолдануды ұсынды.

«1 қыркүйектен бері вакциналау жоспарының ең төменгі орындалуы 10-13 пайыз көлемінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Қостанай облыстарында байқалып отыр. Ведомствоаралық комиссия отырыстарында өңірлерге вакцинация қарқынын жеделдету туралы бірнеше мәрте тапсырма берілген болатын. Бірақ ол тапсырма қажетті деңгейде орындалып жатқан жоқ. Егер вациналау бойынша оң динамика байқалмаса, осы саланы үйлестіретін әкімдердің орынбасараларына тәртіптік сипаттағы шара қолданған жөн деп есептейміз», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Новости партнеров