Шымкентте қоқыс жәшігінен өлі табылған шақалақтың анасы ұсталды

Фото: 40a.media
Фото: 40a.media
Әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күні кеше дүйім жұртты дүрліктерген Шымкенттегі оқиғағаға қатысты жаңа деректер пайда болды. Бейкүнә сәбинен безіп, шақалақты қоқысқа тастап кеткен көкек ана табылып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.   

 

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-ші, яғни «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған еді. Кейін белгілі болғандай, баласынан безген күдікті 1996 жылы туған әйел екен. Ол полиция бөлімшесіне жеткізілді.  

«Тергеу барысында 1996 жылы туған күдікті әйел анықталып, полицияға жеткізілді. ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау және оны қамтамасыз ету мақсатында жария етуге жатпайды», – деді Шымкент қаласы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Мөлдір Бекеева.

Новости партнеров