Израильде жаппай вакциналаудан кейін бетперде режимі біртіндеп алынды: иммунолог алматылықтарды екпе алуға шақырады

стоп-кадр
стоп-кадр
Вакциналау – бұл өзіңіз бен жақындарыңызды COVID-19-дан қорғаудың ең сенімді әдісі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова қала тұрғындарын екпе алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медицина ғылымдары кандидатының айтуынша, вакциналау – бұл өзіңіз бен жақындарыңызды COVID-19-дан қорғаудың ең сенімді әдісі. Жаппай вакциналаудың нақты үлгісі Израильде болды, онда халықтың 80%-ы екпе салдырған және қазір көшелерде бетпердесіз жүруге болады.

Эльмира Битанова Алматыда өткен жылы жаз кезінде коронавирустың таралған қарқынын ескере отырып, осы көктемде әрбір кәмелет жасына толған тұрғынға Израильдегідей вакцинация туралы ойлау қажет екенін атап өтті. Бұл ел тұрғындарды иммундық қорғаныспен қамтамасыз ете отырып, жаппай вакцинация бойынша әлемде көш бастап тұр.


«Израильде, бірінші кезекте, тәуекел тобындағы елдің 55-60 жастан асқан тұрғындарына, сонымен қатар, аурудың барысын қиындатуы мүмкін деген сырқаттары бар адамдардың бәріне екпе салдыра бастаған», – деп жауап берді сұрақтарға Эльмира Битанова.

Иммунолог пандемияны тек вакцинация көмегімен және карантин шараларын сақтау арқылы ғана жеңуге болатынын айтты.

«Біреуінің екіншісіне көмегі болады. Вакцинация карантин шараларын жеңілдетуге көмектесетін жалғыз ұтымды әдіс. Әрине, ол популяциялық иммунитеттің қамтылуы мен деңгейіне байланысты болады», – деп жалғастырды Э. Битанова.

Медицина ғылымдарының кандидаты Израильде қоғамдық орындар мен жабық ғимараттарда бетперде режимін әзірге алып тастамағанын атап өтті. Алайда бұл елде қайтадан мектептерге барып оқу қалпына келе бастаған. Сонымен бірге, вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырушылар санының едәуір азаюына байланысты бірқатар жеңілдетулер енгізілген.

Алматыда 2021 жылдың басынан бері КВИ жұқтырудың 46 251 жағдайы, өткен тәулікте – 665 жағдайы тіркелгенін естеріңізге саламыз. Тәуліктік өсім 1,4-ті құрайды. Алматының COVID-19-ды емдейтін стациноарларындағы төсек-орындардың 62,2%-ы, жансақтау бөліміндегі төсек орындардың 54,4%-ы бос емес. Барлығы 4014 адам стационарлық ем алуда. Алматы қаласының әкімдігі медициналық жағынан ешқандай кері белгілері жоқ барлық қала тұрғындарын КВИ-ге қарсы екпе салдыруға шақырады. Екпе салатын пункттер 200-ден астам локацияларда орналасқан. Вакцина алу тегін.

Новости партнеров