QazVac вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді

22.04.2021 19:05

Ералы Тоғжанов QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясын тиеу шарасына қатысты

© Sputnik / Тимур Ниталиев

QazVac қазақстандық вакцинасының бірінші партиясы өңірлерге жөнелтілді. 50 мың дозадан тұратын алғашқы партия Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Нұр-Сұлтандағы «СК-Фармация» қоймаларына жеткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов осы жылдың 26 сәуірінде халықты QazVac вакцинасымен вакцинациялау басталатынын мәлімдеді. Вакцина өндірісі біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі. Отандық екпе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілген. Мамандардың сөзінше, оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирус инфекциясына қарсы күшті иммунитет қалыптастырады. 

Сонымен қатар, бұл вакцинаны жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді.