Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында пандемия жылының ауыр болғанын еске салып, қала тұрғындарын коронавирус вакуинасын алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың бес айында Алматының инфекциялық (ковид) ауруханаларында 41 мыңнан астам адам ем алған. Нариман Табынбаевтың айтуынша, бүгінде өзін және жақындарын инфекциядан қорғауға мүмкіндік барын және оны тиімді пайдалану туралы айтты.
Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы жаппай вакциналану ауру жұқтырудың алдын алып, кішкентай балалар мен ауыр сырқаты бар адамдарды қорғайтынын атап өтті.
Баспасөз конференциясы барысында Н. Табынбаев қала тұрғындарында коронавирусқа қатысты жағдайға ықпал ету мүмкіндігінің бар екенін сөз етті. Пандемияны вакцина арқылы жеңуге болады.
«Бұл СОVID-19 індетін алдын алудың және «қызыл аймаққа» түспеудің сенімді әрі қауіпсіз тәсілі. Қазірдің өзінде Алматыда 357 299 адам вакцина алды. Екпе салдырғандардың жалпы санындағы 41 117 адам 60 жастан асқандар», – деді ҚДБ басшысы.
Алматыда медициналық ұйым, мектеп, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). Құрамында 1 257 адам бар 30 4 екпе бригадалары жұмыс жасауда.
Н. Табынбаев Алматының сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлеріндегі вакцина пункттерінің тартымды жұмыстарын атап өтті.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚДБ басшысы «жасыл аймаққа» қарамастан, Алматының инфекциялық ауруханаларында 701 адамның ем алып жатқанын, олардың ішінде 27 бала барын айтты. Сондықтан адам көп жиналатын жерден аулақ болып, байланысты азайтып, коронавирустан вакцина алу қажет.