Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин вакциналау науқанын қолдаған бизнес өкілдеріне алғыс білдіріп, екпенің кәсіпкерлерге бұрынғы қарқынын қалпына келтіруге көмектесетінін атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы ӨКҚ онлайн брифингі кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Ж. Бекшин ынталандыру шаралары қаланың барлық ауданында кәсіпкерлердің бастамасымен жүзеге астынын айтты.
Бүгінде Алматыдағы вакциналу орталықтарында екпе салдырғандар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары өткізілуде. Сауда үйлерінде және сауда орталықтарында тұрмыстық техника, ұялы телефондар, ыдыс-аяқ жиынтықтары және тағы басқалар ұтысқа қойылады.
«Осылайша қала кәсіпкерлері пандемиямен күресуде, вакциналауды қолдауда және ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлестерін қосуда», – деп атап өтті Ж. Бекшин және ШОБ өкілдеріне вакциналау науқанына қатысқандары үшін алғыс білдірді.
Екпе салдыру мегаполистің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің пікірі бойынша, ШОБ үшін пайдалы, өйткені жаппай вакциналану арқылы қаланың сауда орындары қалыпты жұмыс режимдеріне оралады әрі сауда нүктелеріне келген тұрғындар денсаулықтары қауіпсіз болады.
Еске салсақ, алматылық кәсіпкерлер мен ірі ұжымдардың басшылары коронавирусқа қарсы жаппай вакциналауды алғашқылардың бірі болып қолдады. Алматыдағы көптеген ірі ұжымдар эпидемиядан өздерін вакцина салдыру арқылы қорғау бойынша шешім қабылдады.