|
08.11.2021 | 17:34
1768

Алматыда КВИ-ге қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын алматылықтарды вакцина алуға шақырады

Алматы қаласы бойынша вакцинаның бірінші компонентін 1 млн 2 мың 324 адам салдырды

Алматыда КВИ-ге қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын алматылықтарды вакцина алуға шақырады Almaty.tv

Алматыда екпе салдырған адам саны 1 миллионнан асты. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев індетке қарсы вакцина алған миллионыншы тұрғынның есімін өзі мәлім етті. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан, ең алдымен, өзін және өзгені қорғау үшін екпе салғызған әйелдің бұл шешімі көпшілікке үлгі болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.       

«Қаламызда коронавирусқа қарсы вакцина алған миллионыншы тұрғынсың» деді. Мен өзім түсінбей қалдым, тіпті, есім шығып кетті, содан соң туыстарыма жаздым. Бәрі құттықтады», – дейді Алатау ауданының тұрғыны Самал Оқапова.

Екпе салдырған миллионыншы алматылықты құттықтауға Алатау ауданы әкімдігінің өкілі мен қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлері келді. Олар мегаполис тұрғынын марапаттап, сыйлықтар табыстады.

«Өз денсаулығына, ерекшелігіне қарамастан вакцина алды. Сондықтан пандемиямен күрес жолында азаматтық көрсетіп, еліміздің саясатына үлес қосып отыр. Сондықтан бұл кісіге көп-көп рахмет!», – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов.

Осылайша, Самал Оқапова қала бойынша вакцина алған адам санын 1 миллионға бір-ақ жеткізді. Арбаға танылған әйел денсаулағындағы кінәратқа қарамастан қызмет етіп, қоғамға өз үлесін қосып келеді. Өзге тұрғындардың сәлем-сауқатын тіркеп, оның тиісті мекенжайға уақытылы жетуін қадағалайды.

«Вакцинаны өз еркіммен алдым. Маған біреу сал деп айтқан жоқ. Бастығым «Вакцина салу-салмау өз еркіңде» деді. Дегенмен өзім барып, өз еркіммен салғыздым. Сондықтан өзгелерді де вакцина алуға шақырамын», – дейді Самал Оқапова.

Бүгінде Алатау ауданы бойынша 105 мың тұрғын екпе салдырды. Екпе егу пунктерінде «Спутник V», «Vero Cell» және отандық «QazVac» вакцинасы бар. Ал қарашадан бастап 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға « Pfizer» вакцинасын сала бастайды.  

«Қазір әр үйге барып екпе салатындар бар. Екпе кабинеттері емханаларда ғана орналасқан. 7 емханада, оның ішінде 2 емханада бір-бірден, ал 5 емханада екі кабинеттен бар. Сол жаққа тұрғындарды шақырып, екпе салып жатырмыз», – деді қалалық №25 емхананың бас дәрігері Әлия Мазбаева.

Алматы қаласы бойынша вакцинаның бірінші компонентін 1 миллион 2 мың 324 адам салдырса, екінші компонентін 940 мыңнан астам адам алыпты. Шаһарда 137 екпе егетін пункт жұмыс істеп тұр.

Оразай Нұртай, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир