А. Шарман: Коронавирус екпеcі дерттің ауыр түрінен қорғанудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді

фото из  открытых источников
фото из открытых источников
Ғалымның айтуынша, вакциналанудан кейінгі иммундық қорғаныс вирусқа тойтарыс береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Американдық денсаулық қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация мен қорғану туралы өз пікірін бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

А. Шарманның айтуынша, вакциналанудан кейінгі иммундық қорғаныс вирусқа тойтарыс береді. Сондықтан екпе алудың маңызы өте зор.

«Мысалы, өткен жылдың маусымында ауырып, екпе алмағандардың ықтималдығы жоғары. Иә, белгілі бір дәрежеде вакциналар жаңа нұсқаларға қарсы тиімділігін жоғалтады, бірақ соған қарамастан, 80% жағдайда иммундық қорғаныс сақталады», деді профессор.

Сонымен қатар ғалым мутация жиілігін азайту үшін санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыруға шақырады.

А. Шарман Eta коронавирусының жаңа мутацияланған нұсқасы туралы айтты. Оның әлемде пайда болуы алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, инфекция Нигерия мен Ұлыбританияда, ал қазір Қазақстанда анықталды.

«Егер бұрын коронавирус айына екі рет мутацияға ұшыраса, бүгінде оны жиі жасайды. Қазіргі уақытта Eta басқа толқын тудыруы мүмкін деген ақпарат жоқ. Медициналық қауымдастық бұл опцияға алаңдамайды. Коронавирустың «дельта» нұсқасы өте қауіпті», деді А. Шарман.

Ғалым коронавирусқа қарсы вакциналану дерттің ауыр түрінен және өлімнен қорғайтынын  айтты.

«Қазақстанда вакциналардың болғнымен, екпемен қамту әлі де төмен. Ел тұрғындарының 60%-дан астамы вакцинаның бірде-бір дозасын әлі алған жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штаттарының көп бөлігінде, Дания сияқты Еуропа елінде, ересек халықтың 80%-ы вакциналанған. Вакциналану ұжымдық иммунитеттің шегіне үміттенеміз, өйткені вакциналар вирустан қорғанудің ғңтиімді жолы. Қазір біздің елде бар барлық вакциналар жаңа нұсқаларға қарсы түра алады», деді А. Шарман.

Новости партнеров