ДДСҰ басшысы коронавирус вакцинасын салдырды

Фото: ашық дереккөзден алынды
Фото: ашық дереккөзден алынды
Бұл туралы ол Тwitter-дегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирусқа қарсы екпе салдыртты. Бұл туралы ол Тwitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдыртуға кезегім жетті. Вакцина өмірді құтқарып қалады. Олардың әлемнің барлық бөліктеріне неғұрлым тезірек жеткізу өте маңызды. Егер сіздер мен сияқты вакцина қолжетімді елде тұрсаңыздар, кезегіңіз келіп тұрса, вакциналаудан өтіңіз», – деп жазды ДДСҰ басшысы.

Гебрейесустың дәл қандай препарат салдыртқаны туралы нақтыланбайды. ДДСҰ мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтыру және одан болған өлім оқиғаларының саны соңғы аптада азайып, тиісінше 5,5 млн-нан астам және 90 мыңнан астам жағдайды құраған. Атап өткенде, Еуропа және Жерорта теңізінің аймақтарында жаңа оқиғалар санының азаюы байқалып отыр. Ал Оңтүстік-Шығыс Азияда ауру жұқтыру жаңа оқиғаларының саны 6 пайызға өскен.


Новости партнеров