2021 жылдың 9 тамыз күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 1486 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 1405 симптомдық белгілері бар және 81 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирустан емделгендер – 827, келіп түскені – 641.
Инфекциялық стационарларда (8 230 төсек-орын) жалпы саны 5 259 адам (оның ішінде 217 балалар) емделіп жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 403.
ӨЖЖ – 58, инвазивті емес ӨЖЖ – 168, High flow-да 153 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 632 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 11 090, симптомсыз 542 науқас бар.
Алматыда соңғы тәулікте КВИ вакцинасын I-компонентін 8 623 адам алды.
01.02.2021-09.08.2021 жыл аралығында қала бойынша КВИ вакцинасының 1-компонентін 779 856 адам алды.
Вакцина алғандардың арасында 60 жастан асқан қарт кісілер – 105 052.
Бүгінгі таңда Алматыдағы медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда, СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасына 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.