|
20.04.2021 | 15:00
2628

Алматыдағы вакцинация: ақпан айынан бері 142 139 адам екпе алған

Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс істейді

Алматыдағы вакцинация: ақпан айынан бері 142 139 адам екпе алған

19 сәуірдегі  жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған  682  тұрғын анықталды. 575 адам  симптомдық белгілер бар болса, 107 адам симптомдық белгілер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Емделіп шыққандар – 585, келіп түскені – 332.

Қаладағы инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 756 адам (оның ішінде 72 балалар) ем алып жатыр, ересектер арасынан аса ауыр дәрежеде – 925 науқас, ауырлығы орташа дәрежеде – 2 831 науқас бар.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 249 ( бос  төсек-орын саны – 201).

ӨЖЖ – 24, инвазивті емес ӨЖЖ – 98, High flow-да 93 аппарат жұмыс істейді.  6 081 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 328  науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар  753 науқаста симптомдық белгілер жоқ.

Вакцинациялау бойынша соңғы ақпарат  

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  7 655 адам вакцинация алды.

01.02.2021-19.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы  142 139 адам вакцинацияланды. Бүгінгі таңда  203 вакцинация пункті жұмыс істейді, 406 вакцинация бригадасында 1809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир