Қ. Тоқаев автомобиль жолдары комитеті басшысы мен бірнеше әкім орынбасарын қызметінен босатты

Фото: alau.kz
Фото: alau.kz
Олар: Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауов
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын және бақылауды босаңсытып алғаны үшін төрт шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын ретке келтіру жалғасып жатыр. Осы саладағы жұмыстарды және бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды», – деді Берік Уәли.

Сонымен қатар, Б. Уәли Үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуының алдын алу, жол құрылысы саласындағы келеңсіздіктерді жою үшін шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Новости партнеров