|
15.10.2021 | 15:22
2472

Алматыда бір тәулікте 4 148 адам КВИ екпесін алды

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 656

Алматыда бір тәулікте 4 148 адам КВИ екпесін алды gov39.ru

2021 жылғы 15 қазанға арналған вакцинация және коронавирус инфекциясцының таралуы бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылдың 14 қазанға күні жағдай бойынша коронавирус инфекцияcын жұқтырған 333 адам анықталды (жергілікті), оның 319-і – симптомдық белгілері бар және 14-і – симптомсыз ауырғандар.

Барлық емделіп шығарылғандар – 135, келіп түскені – 144.

Инфекциялық стационарларда (3 179 төсек-орын) жалпы саны 1 341 адам (оның ішінде 38 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатқандар –  141.

ӨЖЖ – 25, инвазивті емес ӨЖЖ – 80, High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 2 974 науқас жатыр, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде – 2 850, симптомсыз 124 науқас бар.

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде  КВИ вакцинасының 1-компонентін – 1 820 адам, 2-компонетін 2 328 адам вакцинацияланды.

Биылғы 1 ақпан мен 14 қазан аралығында қала бойынша  1-компонентін – 975 513 адам, 2-компонентін 895 850 адам алды.

Вакцина алған 60 жастан асқан қарт кісілер саны – 119 656.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир