Almaty.tv телеарнасының «Таңғы студио» бағдарламасында №12 қалалық емхананың эпидемиологы Данара Укиева қонақта болып, коронавирус вакцинасы жайлы сұрақтарға жауап берді.
Маман антиденелер аурудан кейін адам ағзасында алты ай бойы сақталатынын айтты. Осы кезеңнен кейін азамат вакцина алуы керек, бірақ алдымен ағзада антиденелердің болуына ИФТ-тест тапсырып білген жөн. Егер вакцинаның бірінші дозасын алған адам екінші дозаны алмай жатып ауырып қалса, онда ол алты ай уақыт өткенін күтуі керек.
«Егер антиденелердің саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда сіз вакцина ала алмайсыз. Егер антиденелер саны азайса, екпе салу керек, себебі қайтадан ауырып қалуыңыз мүмкін. Әр адамның ағзасының ерекшелігін және антиденелердің жойылу жылдамдығы да әр түрлі екенін ұмытпау керек», – деді дәрігер.
Эпидемиолог вакцинацияның қалай өтетінін түсіндірді: азамат егу пунктіне келеді, ақпараттандырылған келісімге қол қояды, терапевтпен медициналық тексеруден өтеді және содан кейін ғана дельтоидты бұлшықетке вакцинаның бірінші дозасын алады. Осыдан соң ол бейджик тағып, күту аймағына өтеді, онда 30 минут бойы бақылауда болады.
Екпе алған адамдарға мамандар кейін хабарласып, жағдайын біліп отырады.
Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер: 18 жасқа дейінгі балалар, жүктілік, бала емізетін аналар, аллергиялық реакциялары және созылмалы аурулары бар адамдар.
Данара Укиева вакцинация пунктіне бармас бұрын тамақтанып алу екенін атап өтті.