Медеу ауданының әкімі тұрғындарды коронавирус екпесін алуды кейінге қалдырмауға шақырды

Медеу ауданының әкімі тұрғындарды коронавирус екпесін алуды кейінге қалдырмауға шақырды
Қалыпты өмірге қайта оралу – коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасу жылдамдығына байланысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев алматылықтардың қалыпты өмірге қайта оралу – коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасу жылдамдығына байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол мегаполис тұрғындарын коронавирус вакцинасын кешіктірмей алуға шақырды. Әкім бүгінде ауданда тегін вакцина алуға барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Кез келген адам қаланың 200-ден астам екпе пунктінің біріне жүгіне алады, оның 23-і Медеу ауданының аумағында орналасқан.

Сіз екпе пункттерін 12 жерден таба аласыз:

№1 БП – 3 пункт, Гоголь к-сі, 53;

№2 – 2 пункт, Шухов к-сі, 37 Б;

№5 БП– 6 пункт, Достық д-лы, 220;

Алатау қалалық ауруханасы, Жетбаев к-сі, 28;

Кеңсай мөлтек ауданындағы ФАП, Сәрсенбаев көшесі, 55 А;

«Думан» дәрігерлік амбулаториясы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі, 42;

Медеу ауданының БМСК орталығы, Қалдаяқов көшесі, 74;

Республика сарайы-2 пункт, Достық даңғылы, 56;

«ГУМ» СҮ, Қонаев к-сі, 21;

«Жасыл базар» – 2 пункт, Жібек жолы даңғылы, 53;

«Алма» СҮ, Жібек Жолы даң-лы, 55;

«Dostyk plaza» СОСО-2 пункт,  Самал-2, ықшамауданы 111;

Коронавирусқа қарсы екпе науқанына 115 медицина қызметкерінен 23 бригада жұмылдырылды.

Әсет Масабаевтың айтуынша, халық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды мұқият сақтап, вакцинаға баруы, сондай-ақ бетперде тағуды жалғастыруы, әлеуметтік қашықтықты сақтауы, адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.

Індет кезінен бастап Медеу ауданында аурудың 6 060 нысаны анықталды. Сондықтан барынша сақ болу керек, ал қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу.

Жалпы аудан бойынша 111 529 тұрғынды вакцинамен қамту жоспарлануда, бұл алматылықтардың 70% құрайды. 1 ақпан мен 29 шілде аралығында 82 388 адам екпе алды.

Әсет Масабаев Медеу ауданының тұрғындарын COVID-19 вакцинасын алуды жалғастыруға шақырды.

«Вакцинадан өтпеген  қала тұрғындары  қауіпті. Бүгінде 4 мыңнан астам алматылық ковидтік стационарларда емделуде. Егер біз өлім-жітімді азайтып, әдеттегі өмір ырғағына оралғымыз келмесе, мүмкіндігінше көп адам екпе алуы керек», – деді аудан әкімі.

Айта кетсек, сәуір айында Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев КВИ екпесін алды. Сондай-ақ,  жақын туыстары да вакцина алды.

Новости партнеров