Елімізде соңғы бір аптада коронавируспен ауыр жағдайда түсетіндер саны артқан. Ол туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты. Оның сөзінше, инфекциялық стационарларға түскен 596 қазақстандықтың жағдайы ауыр. Оның арасында 493 науқас өте ауыр жағдайда жатса, 103 науқас аса ауыр хәлде. Өкпені жасанды желдеткішке 83 науқас қосылған.
«Бүгінде соңғы ғылыми мәліметтерге сүйене отыра қайта жұқтыру қауіптілігі науқастың ауырып кеткеннен кейінгі 3 айдан кейінгі жағдайларының жоғары болуына байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігердің соңғы қаулысы бойынша науқастарға 3 айдан кейін вакцина алу жұмыстары қолға алынған», – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.
Ал, белгілі иммунолог Алмаз Шарман Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды айсбергке қарсы жүзген кемеге теңеді. Оның сөзінше, балалар коронавирустың «дельта» нұсқасымен 5 есе жиі ауыратын болған. Қауіпті дерттен еңбектеген баладан, еңкейген қартты қорғап қалудың бірден-бір жолы вакцина екенін елдің есіне тағы салды.
«Қазақстанда халықтың тек 17 пайызы ғана вакинаның бірінші дозасын, 10 пайызы екі дозасын бірдей алған. Мен елдің 80 пайыздан астамы екпе алмаған Қазақстанның жағдайын айсбергке қарсы жүзген кемеге теңер едім. Вакцина айсбергтің еруін жылдамдататын құрал болып отыр. Эпидемиологияға қарсы шаралардың кез келген түрі, әсіресе, айсбергке соғылу қаупі жоғарылайды. Қазіргі 80 пайыз халықтың екпе алмауы бізге жеткіліксіз. Бұлай кете берсе, айсбергке соғылатынымыз айқын», – деді Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман.
Асқар Мамин: Қызмет көрсету, білім саласында міндетті вакциналау қажеттігі айқын