Алматыда 13 мыңнан астам бала емізетін әйел Pfizer вакцинасын салдырды

29.03.2022 21:13

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасымен барлығы 61 672 адам егілді

ашық дереккөз

Алматыда бір тәулік ішінде 1293 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оның ішінде 1-компонентін 489 адам, 2-компонентін 804 адам салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 28 наурыз аралығында қалада 1 156 014 тұрғын вакцинаның 1-компонентін, 1 124 975 адам 2-компонентін салдырған. Оның ішінде жасы 60-тан асқан адамдардың саны 125 067», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасымен барлығы 61 672 адам егілді. Оның ішінде 3 501 жүкті әйел, 13 585 бала емізетін ана және 44 249 жасөспірім бар. 

«Қазір қалада медицина мекемелерінде 137 вакцинация пункті жұмыс істейді. 175 вакцинация бригадасында 555 медицина қызметкері жұмылдырылды», - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Теги: вакцина