|
11.06.2021 | 16:04
2907

Car City сауда үйінде КВИ вакцинасын алғандар электросамокат ұтып ала алады

Car City сауда үйінде 12 маусымда сағат 10.00-де коронавирус екпесін алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады

Car City сауда үйінде КВИ вакцинасын алғандар  электросамокат ұтып ала алады

Car City сауда үйінде 12 маусымда сағат 10.00-де коронавирус екпесін алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы лотерея ұтысына қатысушылар үйге арналған тұрмыстық техника, шағын гаджеттер мен ыдыс-аяқ жинақтарын алады. Бас жүлде – электросамокат.

Айта кетерлігі, бұған дейін Car city-де лотерея ұтыстары өткізілді, оны ұйымдастырушылар – кәсіпкерлер, сауда үйін жалға алушылар. Лотерея ұтыстарын ұйымдастырып, олар қала тұрғындарын вакцинаға ынталандыруда. КВИ-ден екпе алған қала тұрғындары көрсетілген уақытта барулары тиіс.

Еске салсақ, 10 маусымдағы жағдай бойынша Алматыда 329 671 адам вакцина алды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункттері жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 257 адамнан 304 егу бригадасы бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир