Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері отандастарын COVID-19 екпесін алуға шақырады, деп хабарлайды Almaty.tv
Олардың пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқан да ғана пандемияны жеңеміз. Өнер иелері вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.
«Мысалы, Израиль халқының 95 пайызы вакциналанған. Қазір барлығы масканы тастап, карантин жоқ, беймарал жүр қазір. Бізге де неге сол күнге жетпеске?! Вакцинаны салдыртып, бір-бірімізге зиянымызды тигізбей. Бұл вакцинаны жалпылай алып бітпей, бізде карантин тоқтатылмайды», – деді әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұқасан Шахзадаев.
«Біраз адамдар дүниеден кетіп қалды. Сондықтан қорқыныш, үрей деген дүние болды. Сосын үкіметіміз де бекер қолға алып жатқан жоқ. Өзіміздің екпеміз бар, содан кейін іргелес мемлекеттен келген, тіпті Араб әмірлігінен және Қытай елінен екпе келіп жатыр. Қалағаныңызды алуға мүмкіндік бар», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова.