Соңғы екі айда 40 мыңнан астам алматылық «Спутник V» вакцинасын салдырған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгінде шаһарда 56 пункт дайындалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы екі айда 40 мыңнан астам алматылық «Спутник V»  вакцинасын салдырған. Ал өткен тәуліктерде коронавирусқа қарсы екпе еккендердің саны 23 мыңнан асады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде шаһарда 56 пункт дайындалған. Ол үшін тек мекенжай бойынша тіркелген емханада ғана емес, өзіңізге ыңғайлы кез келген нүктеге баруға болады. Алайда санитарлық талаптардың тиісті деңгейде сақталуы үшін дәрігерлер алдын-ала жазылуға кеңес береді. Ақ халаттылардың айтуынша, ерікті түрде вакцина алғысы келетін тұрғындар саны күн санап артып келеді.

«Біз түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Емханаларда, тұрғын үй алаңдары мен әлеуметтік желілерде вакцинация туралы хабарлама таратамыз. Ал мейірбикелер тұрғындардың кез келген сауалына жауап беруге дайын. Екпе алғаннан кейінгі кезең туралы да ақпарат береміз. Қазір тұрғындар вакцинаның маңыздылығын жақсы түсінеді. Екпе егуге ниеттілер өте көп», – деді №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген.

Ал қала әкімі Бақытжан Сағынтаев вакцинациялау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанымен жеке танысып, екпе еккендермен тілдесті. Одан бөлек шаһар басшысы аты жаман аурға қарсы препараттың қабылдануы мен сақталуын қамтамасыз ететін қойманың жұмысын тексерді.

«Мұнда барлық жағдай жасалған. Біздің мамандар осы тауарды қабылдап алу, сақтау, қажетті тізбекті үзбеу сынды маңызды мәселелерді жақсы меңгерген. Ол үшін қызметкерлер арнайы оқытудан өтті. Оның үстіне, біздің компанияның көпжылдық тәжірибесі вакцинаны тиісті деңгейде сақтау және жеткізуді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Қазақ фармацевтикалық компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Саида Ерденбекова.

Новости партнеров