Алматыда КВИ-дің 4-толқынын жеңуге вакцина көмектеседі

29.07.2021 21:15

Ж. Бекшин қаланың алдыңғы індеттің үш толқынынан қалай аман қалғанын еске салды

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану әлдеқайда жоғары болған кезде күзгі-қысқы маусымға дайындалу үшін қазір коронавирусқа қарсы екпе жасау өте маңызды деп санайды. Сонымен қатар, қолда бар вакциналар агрессивті дельта штаммына қарсы тұруға тиімді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған Ж. Бекшин қаланың алдыңғы індеттің үш толқынынан қалай аман қалғанын еске салды.

Ж. Бекшиннің айтуынша, 2020 жылдың наурыз айында алғашқы толқын эпидемия «Ухань» нұсқасына байланысты, коронавирустың алғашқы 82 жағдайын тіркеуден басталды, өткен жылдың шілдесінде 6 372 жағдайды тіркеумен және қыркүйекте 165 жағдайға дейін төмендеді.

Эпидемияның екінші, шағын толқыны 2020 жылдың қазан айында басталды, 366 жағдай тіркелді. 2021 жылдың қаңтарында ең жоғары деңгейге жетті – 3607 жағдай. Төменгі көрсеткіш ақпан айында тіркелді және 2 945 жағдайды құрады.

«2021 жылдың ақпан айының соңы мен наурыз айының басынан бастап індеттің үшінші толқыны басталды, ол «Британдық» COVID-19 нұсқасына байланысты болды, сәуір айында басталды – 19 918 жағдай. Ал маусым айында құлдырау орын алып, 4 573 жағдайды құрады», – деді Алматы қалалық СЭБД басшысы.

15 маусымнан бастап «үнділік» COVID-19 нұсқасымен байланысты індеттің төртінші толқыны басталды. Оның даму шыңы әлі жеткен жоқ, бірақ Алматы эпидемиологтарының болжамы бойынша  3 мен 4 тамызға тура келеді.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 4 148 адам жатыр, оның 215-і бала. Реанимация бөлімшелерінде –281 адам, ӨЖЖ аппаратына 27 науқас қосылған, инвазивті емес ӨЖЖ-да – 121, High flow-да 98 аппарат жұмыс істейді.