Алматыда вакцина алғандар саны 750 мыңға жуықтады
Бұл қала халқының жалпы 40 пайызы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда вакцина алғандар саны 750 мыңға жуықтады. Бұл қала халқының жалпы 40 пайызы, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске салайық қазір базарлар мен сауда орындарында және емханаларда 167 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, 234 көшпелі вакцинация бригадасы ұйымдастырылған. 1 038 медицина қызметкері ауысыммен пациенттерге қызмет көрсетеді. Қала имамдары да тұрғындарды жаппай иммундау жұмысына белсене қатысуға шақырады. «Шариғатта екпе алуға қатысты ешқандай шектеу қоймайды», – дейді теолог маман. Адам денсаулығына оң әсерін тигізсе, вакцинаның маңызы зор деп түсіндірді.
«Қазір адамдар ақпаратты қорытып үлгере алмай жатыр. Сондықтан әртүрлі пікірлердің болуы да заңды. Пайғарамыз айтады, мен үлкен зиянды емес, кіші зиянды таңдар едім, егер екі зиян маған бірдей келіп тұрса деген екен», – деді Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы, исламтанушы Оралхан Сейдіманов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
29.09.2026 09:58
Алматыда жер сілкінісі тіркелді
28.09.2026 09:42
28 қыркүйекке арналған валюта бағамы
28.09.2026 08:45
ІІМ: ҰҚТ мүшелеріне қатысты 45 қылмыстық іс сотқа жолданды
28.09.2026 08:20