Брифинг барысында Н. Табынбаев қосымша егу пункттері ашылса, мүмкіндіктер артатынын атап өтті
Алматыда тұрғындарды вакцинациялау барысы жөнінде онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаланың медициналық мекемелері сауда, ойын-сауық орталықтарын тартпай, күніне 9-дан 11 мыңға дейін вакцина салуға қауқарлы екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Брифинг барысында Н. Табынбаев қосымша егу пункттері ашылса, мүмкіндіктер артатынын атап өтті.
«Соңғы екі жұмыс күні ішінде біз егу пункттерінің жұмысы, оны әрі қарай дамыту, жалпы қалай жұмыс істеу керектігін түсіндік. Қазір қала жаппай вакцинациялауға дайын», – деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.
Бұған дейін қаланың денсаулық сақтау басқармасы жағдайды толық бақылауында ұстап отығанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, Алматы қаласы төрт траншпен елу мың вакцина алды.