Оған ешқандай кедергі жоқ
Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында вакцинаның 1 және 2 компонент арасындағы уақытты ұлғайтуды көздейді. Бұл міндетті шарт па? Бұл сұрақтың жауабын №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазір вакцина алып жатқан тұрғындардың басты сұрағының бірі. Қаулыда 21-45 күн аралығына дейін ұзартылды. Себебі бірінші вакцина алғаннан кейін, екінші вакцина аралығында адам ағзасындағы антиденелердің көбею мақсатында ұзартты. Бірақ вакцина алған адам 21 күннен кейін 22, 25, 30 күнде алатын болса, оған ешқандай кедергі жоқ. Өтініш білдіру арқылы КВИ вакцинасының 2-компонентін алуға болады», – деді дәрігер.