Бұл туралы ҚХА мүшесі, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Мерхат Жылқыбаев айтты
ҚХА мүшесі, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Мерхат Жылқыбаев қазақстандықтарды COVID-19-ға қарсы шұғыл вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазір жаңалықты саралап оқитын адамдар аз. Сондықтан жастарға үндеу: өз денсаулығын ойламасада, ата-анасының денсаулығын ойласын. Менің отбасымда барлығы вакцина алды. Менің ойымша індеттен құтылудың жалғыз жолы – вакцина алу», – деді М. Жылқыбаев.