|
16.05.2021 | 17:20
2078

Түркияда вакцинациялау паспорты беріле бастады

Вакцинаның екі дозасын алғандардың саны 10 миллионнан асады

Түркияда вакцинациялау паспорты беріле бастады Reuters

Түркияда вакцинациялау паспорты беріле бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Паспортты азаматтың аты-жөні, туған жылы, куәлік номері мен қай екпе салынғаны жазылады. Ол вакцинаның екі дозасын алған азаматтарға беріледі. Құжатта «қауіпсіз туризм» логотипі мен QR код орналастырылады. Түрік елінде вакцинация құжатын қолдану жөнінде ақпарат жоқ. Дегенмен, көршілес Еуропа мемлекеттеріне саяхаттап барушылардан екпе куәлігін талап ететіндігі туралы ақпарат жиілеп кетті.

Түркия тұралап тұрған туризмді жандандыру мақсатында салада жұмыс істейтін әрбір қызметкерге екпе салдыруды көздейді.

«Вакциналау құжатының берілуі мен секілді адамдар үшін жақсы болды. Себебі бала-шағам шетелде тұрады. Оларға бару үшін қазір осы құжат керек екен. Сондықтан артық етпес», – дейді Мехмет Бейнамлы атты ел тұрғыны.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир