Қазақстан COVID-19 індетіне қарсы вакцина шығарған он мемлекеттің және өз әзірлемелерін тіркеген бес елдің қатарына кірді. Ол туралы Премьер-министр Асқар Мамин Президент қабылдауында болғанда мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үкімет басшысы мен Денсаулық сақтау министрі еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу барысы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады. Сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 26 сәуірден бастап "ASHYQ" қосымшасын барлық облыстар кең көлемде қолданыла бастайды. Бұл «қызыл» және «сары» аймақ кезінде экономиканың әртүрлі секторының қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек. Алексей Цойдың айтуынша, бүгінгі күні жұқпалы аурулар ауруханасындағы орындар 42 пайызға, жан сақтау бөлімдері 28 пайызға толық. Дегенмен 25 мың төсек-орын қоры жасақталған.