Белгілі саясаттанушы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі Марат Шибұтов коронавирустық инфекция, екпе алу тәжірибесі туралы айтып, алматылықтарға вакцинаның қажеттілігі туралы еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Марат Шибұтов өткен жылдың шілдесінде коронавируспен ауырғанын айтты. «Мен бір апта қатты ауырдым, шамамен екі ай ем қабылдадым. Физикалық жүктемелермен жұмыс істеу өте қиын болды», – деді саясаттанушы. Ол мамыр айында «Спутник V» вакцинасының екі компонентін алды.
«Мен «QazVac» вакцинасын алғым келді, бірақ үйімнің жанындағы екпе орнында тек «Спутник V» вакцинасы болды. Менде жаңа иммундық жүйе бар. Яғни, сүйектерде ауырсыну әлсіздік болды. Бұл, негізінен, иммунитеттің қалыптасқанын көрсетеді», – дейді саясаттанушы.
М. Шибұтов қала тұрғындарына төрт вакцинаның қолжетімді екенін естеріне салды, олар отандық «QazVac», ресейлік «Спутник V», арабиялық «Hayat-Vax» пен қытайлық «Синовак». Оның айтуынша, көптеген басқа елдерде адамдар вакцина алу үшін шетелге кетуге мәжбүр, өйткені олардың алты айға алдын-ала екпе кезегі бар.
Саясаттанушы қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды. Екпенің өте маңызды екенін айтқан ол Израильді мысалға келтірді, онда халықтың шамамен 75 пайызы екпе алды.
«Бұл дегеніміз, оларда санитарлық шектеулер жоқ – маска да, мекемелер мен қоғамдық орындардың жұмысына шектеу де жоқ, ең бастысы, оларда ауру жоқ. Қытайда да солай 9 маусымдағы жағдай бойынша оларда 800 млн адам вакцина алды. Олар күніне 16-17 млн вакцина салады және қазір олардың өлімі әлдеқайда аз», – деп айтты М. Шибұтов.
Оның айтуынша, адамдар мен бизнес үшін қиындық тудыратын шектеулер режимінен шығу үшін бәріне вакцина қажет.
«Мен барлығын вакцина алуға шақырамын. Бірден екі компонентін салдырыңыз. Көптеген адам үшін денсаулық маңызды. Менің жасы 70-тен асқан туыстарым вакцина алды. Егер сіздің денсаулығыңызда созылмалы ауру болса, 60 жастан асқан болсаңыз, онда сіз коронавирус үшін өте үлкен қауіп тобына кіресіз. Демек, ауырып қалсаңыз, өмір мен өлім мәселесі туындайды», – дейді саясаттанушы.
М. Шибұтов вакцинаны 20 жастан асқан жастарға алу керек дейді. Коронавирустың жаңа штамдары үнемі пайда болады, мысалы, Үнді ауруы қауіпті.
«Коронавирус үнемі өзгеріп отырады, вакцинадан басқа ешқандай қорғаныш болмайды. Біз денсаулық сақтау жүйесін үнемі осындай шиеленісте ұстай алмаймыз. Дәрігерлер вирустың жаңа соққысына төтеп бере алмауы мүмкін. Біз құлдыраймыз немесе шектеулерге байланысты экономика құлдырайды. Саналы болу керек. Вакцинаның көмегімен біз полиомиелитті, шешек ауруын және басқа ауруларды жеңдік, ал коронавирусты да вакцинамен жеңеміз», – дейді М. Шибұтов.
Саясаттанушы алматылықтарды вакцина алуға шақырды.
«Біз ұжымдық иммунитетті қалыптастыруымыз керек, карантиндік шектеулерді алып тастауымыз керек, бүкіл қала бойынша тыныш жүруіміз керек, жұмыс істеп, көңіл көтеруіміз керек вакцина алғандардың саны бүкіл халықтың кем дегенде 70 пайызына жетуі керек. Қазір бұл шамамен 18 пайыз. Сондықтан вакцина пункттеріне барыңыз және әртүрлі вакцина түрлерін таңдай аласыз. Алматылықтар, екпе алыңыздар! Қаламызды қауіпсіз етейік!» – деді М. Шибұтов.