|
14.06.2021 | 19:02
1416

Алматыда теннистен халықаралық ATP Challenger турнирі өтті

Алматыда өткен финалдық кездесуде жалпы 9 жұп сайысқа түскен еді

Алматыда теннистен халықаралық ATP Challenger турнирі өтті

Қазақстанның теннис федерациясы ұйымдастырған халықаралық ATP Challenger турнирінде отандасымыз Тимофей Скатов Бельгиялық Зизу Бергске есе жіберді. Кеше Алматыда өткен финалдық кездесуде жалпы 9 жұп сайысқа түскен еді. Олар әлемдік рейтингте үздік 300 ойыншының қатарына кіреді. Ал, бельгиялық спортшы отандасымызды жалпы 3 сэттің нәтижесі бойынша жеңіп отыр.

«Бұл жарыс тек физикалық тұрғыда ғана емес, психологиялық бағытта да жетілуге мүмкіндік берді. Жалпы, мұндай турнирлердің берері мол. Ал, спортшы ретінде бүгінгі сайыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Әрине, алда талай сынақ бар. Барынша үздік болуға тырысамын», – деді бельгиялық теннисші Зизу Бергс.

Аталған кездесуде жеңіске жете алмаса да, 20 жасар қазақстандықтың есебі түгел. Ол мансаптық жолында алғаш рет ATP Challenger сериясының ақтық кезеңіне шығып отыр. Айта кетейік, отандасымыз алғашқы сэтте брейк жасап, қарсыласын 6:4 есебімен жеңген еді. Дегенмен 2 сағатқа созылған кездесудің соңғы 2 бөлігі Бергстің пайдасына шешілді.

«Қалай болғанда да, финалға шығып, апта бойы үздік өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Өкінішке қарай, жеңіске жете алмадым, бірақ бұл алдағы жетістіктерге үлкен тәжірибе болды.ұйымдастырушыларға рақмет айтамын!» – деді қазақстандық теннисші Тимофей Скатов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир