|
25.06.2021 | 18:51
5292

Елбасы коронавирус вакцинасын алды

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды

Елбасы коронавирус вакцинасын алды Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасының 1-компонентін алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Elbasy.kz-ке сілтеме жасап. 

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

"Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирус вакцинасын алдым. Барша қазақстандықты белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе, қазір вирустың жаңа штаммы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир