|
25.10.2021 | 19:06
545

Алматыдағы жаппай иммундау деңгейін 80 пайызға жеткізу керек – Бекшин

Мегаполис «сары» аймаққа өтсе де, ескі қаулының талаптары алдағы 7 күн бойы сақталады

Алматыдағы жаппай иммундау деңгейін 80 пайызға жеткізу керек – Бекшин Almaty.tv

Алматыдағы жаппай иммундау деңгейін 80 пайызға жеткізу керек. Өйткені әлемде індет өршіп тұр. Осылай деген қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтарды екпе алуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Мегаполис «сары» аймаққа өтсе де, ескі қаулының талаптары алдағы 7 күн бойы сақталады.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің №42 қаулысына сәйкес, шаһар «қызыл» аймақ талаптарын ұстануы тиіс. Жағдай тұрақталса, «сары» аймақ талаптары енгізілмек.  

«1 қараша айынан бастап әлеуметтік нысандар, кәсіпкерлер «сары» аймақтың талаптарымен жұмыс істейді. Ол жердегі айырмашылық– жұмыс уақыты 1 сағатқа ұзартылады, ал «Ашық» көшбасшларының жұмыс уақыты тіпті түнгі үшке дейін ұзартылады», – деді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир