Вакцина балаға тиімді әсер етіп, иммундық жүйесін жылдам нығайтады – Алмаз Шарман

vyksavkurse.ru
vyksavkurse.ru
Әлемде 56 елге вакцина жетпей жатыр, ал Қазақстанда КВИ-ге қарсы 3 түрлі вакцина ұсынылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Африка мен Қиыр Шығыс секілді 56 елде вакцина жетпей жатыр. Сондықтан әлемдік сарапшылар саяси жағдайды реттеу керек деп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Ал біздің елде COVID-ке қарсы екпенің үш түрі бар. Олар: отандық QazVac, «Спутник V» және Vero Cell. Енді алдағы қарашада Алматыға Pfizer екпесінің 4 миллион дозасын әкеліп, балаларға вакцина салу жоспарланып отыр.      

Дегенмен, көп мемлекет 12 жастан жоғарғы балаларға екпе салуды бастап кеткен. Мәселен, АҚШ-та жарты жыл бұрын басталған. Тіпті 12 жастағы балаларды былай қойғанда, енді 5 жастан бастап бүлдіршіндерге вакцина салсақ деп отыр. Бұған халықаралық деңгейдегі иммунолог мамандар не дейді?    

«Екпе балаға тиімді әсер етеді. Себебі ағза жас, иммундық жүйе жылдамырақ нығаяды. Тек баланың салмағына қарай екпенің мөлшерлемесін есептеу қажет. Сондай-ақ, балалар инфекцияны ешқандай симптомсыз тасымалдай береді. Бұл үйдегі қариялар мен өзге туыстарына қауіп төндіреді», – деді Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті, иммунолог Алмаз Шарман.

Діні мен ділі берік көрші ел Өзбекстанда бір ай бұрын балаларға екпе салуды бастап кетті. Себебі, «дельта» штамы жасөспірімдер арасында белең алып барады. Бұл ретте Ташкент қаласының тұрғынына хабарласып, вакцина салдырған балаларының жағдайын сұрап, екпеге қатысты пікірін білдік.  

«Күз мезгілі келген соң, күн суытқан сайын тұмау көбейіп жатыр. Соның алдын алу үшін 12 жастағы және 15 жастағы немерелерім вакцина алды. Қазіргі күнде денсаулықтары жақсы. Өзіміз отбасымызбен вакцинаны алдық. Денсаулығымыз жақсы. Бәріне вакцина алуға кеңес берер едім», – деді Ташкент қаласының тұрғыны Гүлдана Егембердиева.

Иә, «сақтықта қорлық жоқ». Қоғамдық иммуниетет – бейбіт өмір кепілі. Сондықтан вакцина салудан қашпаңыз. Өйткені қалада вирус жұқтырғандар саны азайып жатқан жоқ. Соңғы тәулікте тағы 400-ден аса алматылықтан коронавирус анықталған.

Аяулым Көлжігіт, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров