Елімізде вакцинациялау қарқынды жалғасып жатыр. Бүгінге күнге дейін республика бойынша 292 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алған. Оның ішінде ең көбі Алматы қаласында. Шахарда вакцина алғандар саны қазіргі таңда 220 мыңнан асса, оның 54 мыңы екпенің екі компонентін алыпты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мен екінші вакцинаны қабылдадым. Өзімді жақсы сезініп тұрмын, біріншісінде де жақсы сезінгем. Пандемиядан құтылуға ең жақсы жолы деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Жанна Жақыпова.
«Бүгін вакцинаның бірінші компонентін алуға келдім. Өзімді жақсы сезініп тұрмын, вакцина алып шықтым. Каронавируспен күресудің жалғыз жолы осы болып тұр. Достарымызды туыстарымызды, туғандармызды қорғаудың жалғыз жолы осы», – деді қала тұрғыны Дәулет Әдіманап.
Бүгінде қалада 211 вакцинациялау пункті жұмыс істеп тұр. Мұндағы мамандар әзірге екпе салдырғандардан ешқандай шағым болмағанын айтады.
«Біздің пунктымызға күнде 110-120 дай адамдар келіп вакцина алып жатыр. Бірінші компонентін, екінші компонентіт алып жатыр. Осы адамдардың арасында айтарлықтай шағым болған жоқ. Бүгінгі таңда мереке күніне қарамай, адамдар келіп жатыр», – деді медбике Ғалия Арыстанқұлова.
Ал бір тәулікте 6856 адам вакцина салдырған. Халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетке қол жеткізуге болады дейді дәрігерлер. Бұл жұмысқа еріктілер де ат салысуда.
«Осы жаққа валонтер ретінде келдім. Менің мақсатым осы келген адамдарға бағыт-бағдар беріп, ары қарай вакцина алуына көмектесу үшін қызмет етіп жатырмын», – деді ерікті Дидар Ниатхан.
Айта кетейін, жалпы еліміз бойынша 1 миллион 347 мыңға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін ектірген. Мамандар барша жұртты вакцина салғызуға шақырды. Себебі індетті іргеден алыстатудың жалғыз амалы осы.
Назгүл Әмірбек, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы