Вакцина өндірісі біртіңдеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі
QazVac қазақстандық вакцинасының бірінші партиясы өңірлерге жөнелтілді. 50 мың дозадан тұратын алғашқы партия Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Нұр-Сұлтандағы «СҚ-Фармация» қоймаларына жеткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Вакцина өндірісі біртіңдеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі. Отандық екпе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілген. Мамандардың сөзінше, оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирус инфекциясына қарсы күшті иммунитет қалыптастырады. Сонымен қатар, бұл вакцинаны жеткізу әдістері күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді екен.
«Дүниежүзіндегі мемлекеттерде бүгін өзінің вакцинасын шығарған мемлекеттер санаулы ғана мемлекеттер. Оның ішінде АҚШ, Ресей мемлекеті, Қытай, Англия, Иран мемлекеттері, Соның ішіне бүгін, міне, Қазақстан мемлекеті өзінің вакцинасын шығарып отыр... Үш күннің ішінде оның барлығы әрбір облыстарға жеткізілетін болады. Келесі жұмада алғашқы вакцинаны бастайтын боламыз», – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.