|
07.09.2021 | 21:43
3882

Бұдан былай екпе алғанда бүкіл іс-әрекет бейне бақылау камерасына жазылады

Соңғы тәулікте екпе алған қала тұрғындарының саны 10 мыңнан асқан

Бұдан былай, вакцина салғанда барлық іс-әрекет бейне бақылау камерасына жазылады. Бұл жалған вакцина құжатын жасаушылардың жолын кесу мақсатында жасалып отыр. Тың жоба қаладағы емханаларда алғаш рет енгізілді. Ол қалай жұмыс істейді? Тиімділігі қандай? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын толығырақ айтады.

Бейнебақылау камерасы әр медбикенің кеуде тұсына қойылған. Вакцина салған кездегі бүкіл іс-әрекет осы құрылғының ішіне жазылады. Ол ақпаратты біреудің алуына немесе басқа видео орнатуға оны өшіріп тастауға ешкімнің мүмкіндігі жоқ.

Мұндай бейнебақылау камералары әзірге қаладағы санаулы дәрігерлік мекемелерде ғана бар. Мәселен, №29 емханаға арнайы құрылғының 6 данасы әкелінген. Камераның қуаты 14 сағатқа жетеді. Алатау ауданында орналасқан нөмірі 29 қалалық емханада 57 мыңнан астам тұрғын тіркеуде тұр. Олардың бүгінде 62 пайызы екпе алып үлгерген.

«Егілу негінен толқын тәрізді. Бірде көбейеді, адамдардың саны бізде азайяды. Ол әлеуметтік жағдайға байланысты, маусымға байланысты. Ауа-райына байланысты. Мемлекет басышыс жолдауда айтқандай қазіргі басты талап ауруды бәріміз бірлесіп жеңуіміз керек», – деді №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Садықова.

Алматыда бір тәулікте вакцина алғандар саны 11 мыңнан асқан. 4 679 адам екпенің 1-компонентін алса, 6 046-сі екіншісін салдыртқан. Осылайша вакциналанған алматылықтар 900 мыңға жуықтады.

«Үйде үлкен шешем бар, балаларым бар мен әр кез жұмыстамын. Вирус жұқтырып аламын ба деп қорқып вакцина алдым. Жақындарымның денсаулығын сақтау үшін алдым», – деді Алатау ауданының тұрғыны Нұрбек Қасенов.

Қаладағы эпидемиялогилық-ахуал да көңіл көншітпейді. Қазір ауруханада 3940 адам емделіп жатыр. Олардың 362-сі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің хабарлауынша, соңғы кезде қауіпті дерт балаларды дендеген. Мәселен, Шахида есімді қала тұрғыны баласымен ауруханаға түскен. Ковид жұқтырған бөбегі туылғанына небәрі екі ай ғана болыпты.  

- Халыққа айтар едім, абай болса екен. Өте қатерлі ауру. Үйдегі балаларда ауырды, бірақ мына балам да қатты өтті ентігіп, ауа-жетпей.

- Осылай жатамыз. 12 сағаттай кислородпен демалып. Құдайға шүкір. Дәрігерлерге рақмет.

Айта кетейік, қазір қалада сауда орындары мен базарларда барлығы 160 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. 237 вакцина бригадасы ұйымдастырылған. Онда 1028 медицина қызметкері кесте бойынша қызмет көрсетеді.

Ұлағат Арғын, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир