Күдікті ұсталды: Түркістан облысында тағы бір оқушы қызға азғындық әрекеті жасалған (видео)

Күдікті ұсталды: Түркістан облысында тағы бір оқушы қызға азғындық әрекеті жасалған (видео)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында тағы бір оқушы қызға қатысты азғындық әрекеті орын алды

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған оқушы қызға қатысты азғындық әрекет жасаған деген күдікпен жергілікті жердің тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2019 жылдың 15 қаңтарында Сайрам аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің Ювеналды полиция тобының мектеп инспекторына жергілікті тұрғын арызданған.Онда тұрғын қызына қатысты белгісіз тұлғаның  азғындық әрекет жасағанын көрсеткен. Оқушының ата-анасымен барып, полиция  қызметкері күдіктіні анықтап ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Арыз ҚР ҚК-нің 124-бабымен Сайрам аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.  Тергеушілермен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сараптамалар тағайындалған.

Новости партнеров