Ұшақ әуе шоуы кезінде көлге батып кетті (видео)
Австрияда әуе шоуы кезінде ұшқыштың трюгі трагедиямен аяқтала жаздады: ұшақ көлге құлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Әуе шоуы кезінде жеңіл қозғалтқышты Staudacher S-600 ұшағының қанаты суға тиіп кетіп, апатқа ұшырады. Ұшқыш күрделі маневр жасауға және ұшу траекториясын қалпына келтіруге тырысады, алайда су бетінде бірнеше метр ұшып өтеді де, машинаны басқара алмай, көлге құлайды, деп жазды sputniknews.kz.
Абырой болғанда, ұшқыш тек жеңіл-желпі жарақат алды, ал суға батқан ұшақ біраз уақыт өткен соң шығарылды.
Оқиға 4 ақпан күні Австрияның Зальцбург қаласының маңындағы Вольфгангзе көлінде болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.11.2026 08:10
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36
22 қарашаға арналған валюта бағамы
22.11.2026 09:46