Облыс аумағында жалпы ауданы 600 мың гектарға жуық бос жер анықталды
Алматы облысында 180 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы жиын барысында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Абдрахманов мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
106 мың гектардан астам жерді иелері өз еркімен мемлекет меншігіне өткізген, қалған 74 мың гектар сот шешімімен жалға беру шарттары заңсыз деп танылды.
Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов қазіргі таңда бұрын жалға алынған пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
Оның сөзінше, қазіргі таңда жалпы ауданы 120,5 мың гектар болатын 227 жер учаскесі бойынша талап арыздар сотта қаралуда.
Жыл басынан бері облыс аумағында жалпы ауданы 600 мың гектарға жуық жер анықталды.
Оқи отырыңыз:Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: қалалық комиссияның отырысы өтті