Алматы полицейлері қашқын жүргізушіні ұстады

Сурет:
Сурет:
Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полицейлері ЖКО орнынан қашып кеткен жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қорғау – Қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған кешені заңға қайшы әрекет жасаған жүргізушіні анықтады. 

– "Боран-022" патрульдік экипажы дабылға бірінші болып жауап берді. Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылында болған. Сол жерде Toyota мен Chevrolet соқтығысты. Алайда Toyota жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Жеке құрам аталған көлікті ұстауға жұмылдырылды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы бойынша қызметтік тергеуге тартылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Новости партнеров