Құжат Президеттің қол қоюына жіберіледі
Парламент Сенаты екі оқылымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Түзетулер мемлекеттік отбасылық саясаттың құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатайтуға, отбасы мен тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
"Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жазаны қатаңдатуды, сондай-ақ білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін институционалдық күшейтуді, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды және қарауға ұсынылған заңдарда көрініс тапқан зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды", - деді Сенат депутаты Жанна Асанова.
"Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін реттейтін" Заңмен Қылмыстық кодекске мынадай өзгерістер енгізіледі:
Сенат депутаттары заңды бірінші және екінші оқылымда мақұлдауға дауыс берді. Құжат Президеттің қол қоюына жіберіледі. Ол қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Елімізден 7 мыңнан астам шетелдік шығарылды