Мемлекет басшысы«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі, дактилоскопиялық тіркеу бойынша заңға қол қойды

23.12.2023 21:05

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Аkorda.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен қандай мәселе талқылады



Теги: қол қойды