|
22.12.2023 | 16:17
1708

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен қандай мәселе талқылады

Инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен қандай мәселе талқылады akorda.kz

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан.

Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логистика, "жасыл" энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир