Ақтауда есірткі қылмысына қарсы кезекті операция өтті

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда синтетикалық есірткіні сақтап, өткізді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық қорғаушылар ер адамды ұстап, тінту барысында одан оралған пакеттер мен ұялы телефон тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын заттың мефедрон екені анықталды.

Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесі бойынша күдіктінің өзінің де есірткі тұтынғаны белгілі болды.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 100 грамм болатын мефедрон есірткісі екені анықталды. Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мән-жайлар анықталуда», – деді Полиция басқармасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Ерсұлтан Досқан.

Оқи отырыңыз: Алматыда жыл соңына дейін үш жаңа кітапхана ашылады