Алматы жолдарында бір тәулікте 2 мыңнан астам заңбұзушылықтың жолы кесілді
Аlmaty.tv
Сонымен қатар 21 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 081 дерегі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының прокуратурасының хабарлауынша, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 279 өрескел құқықбұзушылық тіркелді.
Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында:
- көлік құралын мас күйінде басқару – 5 дерек;
- көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғалардың көлік басқаруы – 1 дерек;
- жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 1 дерек;
- маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 109 дерек;
- қауіпсіздік белдігін тақпау – 93 дерек;
- қарсы қозғалыс жолағына шығу – 10 дерек;
- көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 60 дерек.
Сонымен қатар 21 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Оқи отырыңыз: 14 тамызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
27.09.2026 13:00
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
27.09.2026 13:35
Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі
26.09.2026 17:11
Almaty Marathon-да экологиялық аймақ жұмыс істейді
26.09.2026 14:51