Астана мен Алматы әуежайларында жалған құжатпен өтпек болған 19 шетелдік анықталды

15.10.2026 11:33

Жыл басынан бері жалған немесе бөгде құжат пайдалануға қатысты 358 деректің жолы кесілді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2026 жылдың қыркүйек және қазан айларында Астана мен Алматы әуежайларында Қазақстан шекарасын жалған құжатпен кесіп өтпек болған 19 шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінен хабарлағандай, тексеру барысында олардың басым бөлігі жалған визаларды және басқа адамдардың жеке деректері көрсетілген құжаттарды пайдаланғаны белгілі болды.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылау кезінде жалған немесе бөгде құжаттарды пайдалануға қатысты 358 деректің жолы кесілген.

Ведомство Мемлекеттік шекараны жалған немесе басқа адамға тиесілі құжаттармен кесіп өту қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертті.

Оқи отырыңыз: Оралда әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын 10 тәулікке қамалды

Толық көрсету