Атырауда төрт күнде 280-нен астам жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді

07.07.2026 15:58

Ауқымды шара республика бойынша өтті

Атырауда төрт күн ішінде әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 285 жеткіншек полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тәртіп сақшылары ереже елемеген жасөспірімдерді «Түнгі қала – қауіпсіз балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтаған.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың тәрбиесі, құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамаған 25 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы, республика бойынша өткен ауқымды шара кезінде 2400 жасөспірім анықталған. Олардың 1500-і әкімшілік құқықбұзушылық жасаса, 1000-ы ата-анасының қарауынсыз қоғамдық орындарда жүрген.

Айта кетейік, республика көлемінде басталған профилактикалық жұмыс жыл соңына дейін жалғасады.

«Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін күшейту. Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде 50-ден астам құқық бұзушылық анықталып, жасөспірімдер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Атырау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бөлімше бастығы Гүлім Менешқалиева.

Оқи отырыңыз: Ақтауда екі адам суға кетті: ТЖД ескерту жасады