Екі оқиға да шомылуға арналмаған қауіпті аумақта болған
Ақтауда Каспий теңізінің шомылуға тыйым салынған жағалауында екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше болған. 1984 жылы туған ер адам арнайы жабдықталмаған жерде суға кеткен. Оның денесін демалушылар судан шығарып алған.
Арада көп уақыт өтпей, дәл сол аумақта тағы бір қайғылы жағдай тіркелді.
Құтқарушылар жеткенге дейін куәгерлер 2012 жылы туған жасөспірімнің мәйітін судан алып шыққан.
Мамандардың айтуынша, екі оқиға да шомылуға арналмаған қауіпті аумақта болған.
«Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тек шомылуға арналған, арнайы жабдықталған орындарда суға түсуге шақырады. Шомылуға жабдықталмаған учаскелерде суға түсу өмірге қауіпті. Балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар», — деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерлан Сұлтанмұратов.
Оқи отырыңыз: Киім қалдығы көбейді: экологтар тұтыну мәдениетін өзгертуге шақырды