Жолдағы тәртіп: Алматыда бір тәулікте 1700-ден астам заңбұзушылық анықталды
Мегаполисте жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді
Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткен тәулікте 1 764 жол ережесін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық прокуратурадан хабарлағандай, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 147 өрескел заңбұзушылық тіркелді.
Атап айтқанда, 6 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған, 7 көлік қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
Сондай-ақ 60 маневр жасау ережесін бұзу, оның ішінде қауіпті «шашка» жасау фактісі анықталды.
Бұдан бөлек, 48 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, ал 36 адам көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған.
Сонымен қатар 8 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Оқи отырыңыз: Президент Жолдауын жүзеге асыру: көлік саласы ЖІӨ-нің 6,1%-ын қамтамасыз етіп отыр