БҚО-да 9 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған есепші сотталды

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Үкім заңды күшіне енді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының прокуратурасы Тасқала ауданы білім бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы» мемлекеттік кәсіпорынының есепшісі 9 млн теңгеден астамқаражатты жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды. Соттың 06.05.2026 жылғы үкімімен есепші 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жылға материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды, қаражат бюджетке қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Полиция жалған нөмір таққан 500-ден астам көлікті анықтады