Тіркемедегі "Өрмекші адам": Семейде жарнамалық түсірілімнің соңы жауапкершілікпен аяқталды

28.09.2026 13:19

Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысқан азаматтарды анықтап, полиция бөліміне жеткізді

Кадр из видео

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Семей қаласындағы аспалы көпір арқылы қозғалып бара жатқан көліктің тіркемесінде "Өрмекші адам" костюмін киген адамның отырғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру кезінде бұл сапардың қаладағы мейрамханалардың бірін жарнамалау мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысқан азаматтарды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тексеру нәтижесінде 23 жастағы көлік жүргізушісі жолаушыны тіркемеде тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жарнамалық түсірілімге қатысқан 18 жастағы "Өрмекші адам" мен оның 25 жастағы серіктесі де жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарға креативті жарнама немесе ерекше түсірілім ұйымдастырған кезде де қауіпсіздік талаптары мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызын еске салады.

Заң мен тәртіп – баршаға ортақ.

Дереккөз: Polisia.kz

Оқи отырыңыз: Қарағандыда интернет-казиноға қатысты 415 млн теңгенің заңсыз айналымы анықталды

Толық көрсету